Толеранттылық фестивалі
Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, республикалық «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде, «Біргеміз берік іргеміз» толеранттылық фестивалі өтті.
Шараның басты мақсаты: Еліміздегі басты құндылық ұлттар арасындағы ынтымақ пен достықты насихаттау. Топтар арасында шығармашылық бәсекелестікті қалыптастыру.
Фестивал міндеттері:
Өскелең ұрпаққа Тәуелсіздік құндылықтарын бойына сіңіру арқылы, өз Отанын сүйюге баулу, ҚР мекен ететін халықтар дәстүріне құрметпен қарап, мәдениетімен салт-дәстүрімен танысу;
Пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында фестивал шеңберінде өнер көрсеткенде «Өзін өзі тану» бағдарламасы құндылықтарын байланыстыру арқылы кіріктірілген әртүрлі формадағы іс-шараларды көрсету;
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын фестивальге колледж қабырғасындағы барлық топтар ат салыса қатысты. Үш күнге созылған достық пен ынтымақ фестивалі шеңберінде төмендегі шаралар қамтылды.
1) күн Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі
2) күн Ұлттық костюмдер шеруі
3) күн Ұлттар мәдениеті фестивалі
4) күн Толеранттық фестиваль шеңберінде спорттық және ұлттық ойндар ұйымдастырылып өткізілді.
Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылып оған барлық 1 курс студенттері қатысты. БМ-11, БМ-12, БМ-13, МД-11, ДМ-11, және муз 1 тобтары қатысып, жәрмеңкеден түскен қаражатты Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 қайырымды іс» акциясына табыстады.
Ұлттық костюмдер шеруіне 2-3 курс студенттері қатысты. Татар, орыс, қазақ, қырғыз, неміс, белорус, өзбек, украйн, азербайжан, корей халықтарының ұлттық киімдерін дефиле жасап, ерекшеліктерімен таныстырды. Іс- шара ұлттар мәдениетімен, салт-дәстүр әдет ғұрыпымен таныстырылым жасаған халықтар фестиваліне ұласты. Достық пен ынтымақ жаршысы болған толеранттылық фестивалін спорттық және ұлттық ойындар жарысы аяқтады.
Іс шара арқылы колледж студенттері еліміздегі басты құндылық болып табылатын, ұлттар арасындағы достыққа деген өз құрметтерін көрсете білді.
Оразова Г.К. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/815-toleranttyly-festivali.html#sigFreeId2b1d15d0ec