Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде 11қараша күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық "Өзін -өзі тану" бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде, "Біргеміз, берік іргеміз" толеранттылық фестивалі аясында 1курс білім алушылары арасында "Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі" ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде БМ-11 тобы "Татар ұлты", БМ-12 тобы "Беларусь ұлты", БМ-13 тобы "Өзбек ұлты", МД-11 тобы "Корей ұлты", ДМ-11 тобы "Қазақ ұлты ", Муз 1 курс "Неміс ұлты" болды. Әр ұлт әділ қазы алқаларына өз ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын таныстырып өтті. Қорытынды бойынша
1-орын МД-11 "Қазақ ұлты" мен БМ-11 "Татар ұлты", 2-орын ДМ-11 "Қазақ ұлты" мен БМ-13 "Өзбек ұлты", 3-орын БМ-12 "Белорусь ұлты" мен Муз 1 курс "Неміс ұлты" иеленді. Жеңімпаздар дипломмен марапатталды.
Уахитова А.А. оқытушы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/817-ltty-ta-amdar-zh-rme-kesi.html#sigFreeId244715168e