Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы  Торғай гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен ҚР тұңғыш президенті Елбасы күні қос мерекеге арналған «Елін сүйген елі сүйген Елбасы» атты қалалық мерекелік концерт өтті.

 

               Мерекелік бағдарламаға қала әкімі  Әмірхан Біркенұлы қатысып қала халқына құттықтауын арнады. Қала әкімінің мерекелік марапаттау рәсімі жасалып үздік қызметкерлерге мерекелік құрмет көрсетілді.

 

 Концерттік бағдарлама Назипа Құлжанова еңбектерін Тұңғыш Президентіміз Елбасы саясатымен ұштастыру арқылы, Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізілген колледж жетістіктері баяндалған бейне роликтен бастау алды. Елбасының сүйікті әндерінен вокалдық топтардың ән топтамасы ұсынылды.Бағдарламада түрлі жанрдағы қойылымдарға үйлескен, жағымды әуен, әсерлі ән, тартымды би қойылымдары көрермен көпшілікке  ұсынылды.Концерт толығымен колледж оқытушыларының күшімен қойылды. ҚР мәдениет қайраткері, колледж оқытушысы Абенов Бораш Қазбекұлының жетекшілігімен,құрамы 50 адамнан тұратын ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті, Колледж ер балалары мен оқытушы ер азаматтардан жасақталған, құрамы 60 адамнан тұратын хор, «Ата мұра» этно ансамблі, «Арқа келіндері» домбрашылар ансамблінің өнері мерекелік бағдарламаны ұлттық нақышта айшықтай түсті. Бағдарламаның көпшілік қойылымдары мен сахналау шараларына 80 ге жуық колледж қызметкерлері және 200 ден астап студенттер тартылды. Бұл колледжіміздің Елбасы саясатын қолдайтындығы мен Тұңғыш Президентімізге деген құрметтің белгісі деп білеміз.