Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледж  жатақханасы студенттерімен бірге мұражайға саяхат «Тәуелсіздік нұры – тұңғыш Елбасы» мұражайға

         Қыстың алғашқы күні 1 желтоқсан  Қазақстан  Республикасының Тұңғыш  Президенті күні. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны ерекше. Тұңғыш президентіміздің күнін атап өту әрбір қазақстандықтық үшін мерейлі мереке болғандықтан жатақханадағы 1 курс білім алушыларымен бірге қаламыздағы  қалалық мұражайға саяхат жасадық. Мұражай  қызметкерлері жылы қарсы алып, елім деген ерлерді, ерлігін  танытқан жандарды таныстырды. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға дербес ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар болған екенін түсіндіре отырып, студенттерге елі үшін жанашыр елбасымыз туралы көптеген ақпарат берді. Қазақстаның  Елтаңбасы, туы жайында білімалушыларға түсіндірді. КСРО кезінде күйреген шағымызда еліміздің жеріміздің тұтастығын сақтап, достық пен сыйластықты арқау еткен, тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен, елбасымыздың әрқашан орны ерекше екенін атап өтті. Қазақстанның дамыған елдің қатарына кіруіне зор ықпал жасаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді. Назарбаевтың халық үшін жасаған әрбір ісі үлгі-өнеге мен терең  тәрбиемен шектеседі. Қазақстан Республикасының мүддесін табандылықпен қорғай білетін және кең көлемді халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету міндеттерін шеше алатын қасиетіне барша қазақ елі бас иеді. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезініп және әр жүрекке ұялатуға тырысуымыз керек.

 

                                                    Жатақхана тәрбиешісі Искендирова. Ж.М.