Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "ЖАС САРБАЗ - 2021" әскери - патриоттық клубының ұйымдастыруымен желтоқсанның 10 - ы күні өткен "Тәуелсіздікке тарту" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты жастарды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу  салт - дәстүрмен, тілімен және мәдени мұрамен ұштасқан бірегейлікті сақтау. Жаңа талантты орындаушыларды анықтау және қолдау, байқауда 2 және 3 курс білім алушылары өзара бақ сынасты.
 
Байқау 2 кезеңнен тұрды:
1 Патриоттық ән
2 Сахналық қойылым
 
Әділқазы алқалары: Саз бөлімінің оқытушысы Гулмахаббат Нурғалиева, колледж кітапханашысы Айнур Куандыковна, жатақхана тәрбиешісі Жанар Бірмаканова. Қорытындылай келе, І орынды МД - 31 тобы, ІІ орын мен "Үздік топ" номинациясымен МД - 21 тобы және ІІ орынды "Ерекше әртістік" номинациясымен БМ - 32 тобы ие болса, ІІІ орынды БМ - 21 тобы және БМ - 22 тобы бөлісті. МД - 32 тобы "Әнші бұлбұл" номинациясы бойынша марапатталды. Барша білім алушыларды құттықтаймыз.