Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "ЖАС САРБАЗ - 2021" әскери - патриоттық клубының ұйымдастыруымен "Білім, Абырой, Жеңіс" тақырыбында байқау өткізілді.9 - шы Желтоқсан күні колледж гимнастика залында өткізілді.

 

Байқаудың мақсаты: Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, салт - дәстүрмен, тілімен және мәдени мұрамен ұштасқан бірегейлікті сақтау. Қолданбалы спорт түріне баулу. Байқауда 1 курс студенттері өзара бақ сынасты. Байқау 3 кезеңді қамтыды:
 
1 Зияткерлік байқау
2 Жылдам, биік, күшті
3 АК - 74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау
 
Әділ қазы алқалары: оқу бөлімінің меңгерушісі Венера Жумагалиевна, Дене тәрбиесі және спорт бөлімінің оқытушысы Гулим Маликовна, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ниязбек Рамазанұлы.
 
Қорытындысы
І орын БМ - 13 тобы
ІІ орын Муз - 1 тобы
ІІІ орын БМ - 11 тобы
ІV орын ДМ - 11 тобы
"ЕҢ БЕЛСЕНДІ" номинациясына БМ - 12 тобы ие болды.