Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған іс шаралар жоспары шеңберінде, бүгін 14.12.21жылы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі студенттері мен оқытушыларының ат салысуымен «Менің туым Менің Қазақстаным» Республикалық бейне челенж шеңберінде АВТО ШЕРУ өткізілді.
Авто шеру мақсаты:Ұлттық рәміздерімізге деген құрметті арттыру, Қазақстан Тәуелсіздігін мақтан ету.
Шараға 20 авто көлік тартылып, барлық көліктерге ҚР Туы тағылды. Шараға 40 волонтер студенттер мен 60 колледж оқытушылары тартылды. Авто шеруге Арқалық қалалық полиция басқармасының жол полициясы қызметкерлері қолдау көрсетті. Алдын ала бекітілген маршрут бағыты бойынша көліктер қаламыздың барлық көшелерін аралап шықты. Шеруге куә болған көрермен қала халқы мемлекеттік туымызға құрметпен қарап, шеруді тоқтап тұрып тамашалады. Бұл куәгер қала халқының әсері болса, шеруге қатысушылар өз істерінен Отанға деген сүйіспеншіліктерінің артқанын жарыса баяндап,туымызға деген құрметтерін көрсете білді. Челенжі мұнымен, аяқталған жоқ колледж алдындағы алаңда көліктермен 30 санын жазып ҚР Тәуелсіздігіне деген өз үлестерін қосты.
Жастардың бойына патриоттық сезімін дамытып, ұлтқа деген мақтанышын оятатын іс шара қатысушыларың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/886-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigini-30.html#sigFreeIdf95396b31d