Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

 Митинг

  • Колледж жанындағы қалалық Республика алаңында, барлық колледж білімалушыларына, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған желтоқсан құрбандарын еске алу митингі өткізілді.

Митинг мақсаты: Тәелсіздік әперген желтоқсаншы жастарымызға құрмет көрсету, желтоқсан оқиғасының маңыздылығы мен Тәуелсіздік құндылықтарын түсіндіру.

Митингке 200-ге жуық колледж студентері қатысты. Шарада колледж директоры Алматова Сандуғаш Орекенқызына сөз беріліп,  желтоқсан оқиғасының маңызына тоқталды.Колледж директоры өз сөзін колледж үздік студенттеріне мерекелік марапаттау рәсімімен жалғастырды. Митиг бағдарламасында  «Менің туым менің Қазақстаным » тақырыбында би қойылымы жасалып, Еліміздің Әнұраны жанды дауыста орындалып, жастарымыз желтоқсан құрбандарына арнаған авторлық өлеңдерін оқыды.  Митинг соңында желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минут үнсіздік жарияланды.

Шара жас буынға желтоқсан оқиғасының маңызын түсіндіріп, өздерін бір сәтке сол 1986 жылғы алаңдағы жастар ретінде сезінуге мүмкіндік берді.