Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қайырымдылық қайырлы-іс дегендей еліміздің тұғыры биік Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ата-ананың аялы алақанына зәру жетім балаларымыз бен "Балаларыма қайтсем жақсы өмір сыйлай алам" деп жан ұшырған, бір ғана табыс көзіне тәуелді болып отырған отбасыларымызды да ұмытпай, оларға да мерекелік көңіл-күй сыйлау және азғантай болса да қолдау көрсету мақсатында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде "Тәуелсіз елдің қайырымды ұрпақтары" атты қайырымдылық акциясы өткізілді! Акцияға "Алюминстрой" ЖШС, Жастар ресурстық орталығы, "Лагманхана" дәмханасы, "Алтын" сауда үйі сынды мекемелердің басшылары жомарт жүрек иелері екендігін көрсетіп, игі іс-шарадан тыс қалмай қаржылай қолдау көрсетті. Жиналған қаржыға азық-түлік сатып алынып, отбасыларға табысталды.  Ата-аналар қуанып, ризашылықтарын білдіріп колледжімізге алғысын айтты. Қаламыздағы белді дәмханалардың бірі "Лагманхана" дәмханасы ай сайын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерімізге тегін тамақтану сертификаттарын табыс етті. Жақсылық жасау – иман­дылық­тың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жақсылық жасаудан жалықпайық!  Ниеттеріңіз қабыл болсын! Жасаған жақсылықтарыңыз екі еселеніп қайтсын! Мереке құтты болсын! Егеменді еліміздің еңсесі биік болсын!