Мақсаты:Тәрбиеленушілерді Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Биыл бізге тәуелсіздік туын, қазақтын көк байрағын биік көтеріп, ел екендігімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 30 жыл толып отыр.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын.
Ұранға «алаш» деген атты аламын, - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кет-кен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді. Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байла-нысты екендігіне ешкім дау айта алмас. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамы-ры сонау бабалар ар-намысынан туындап жатқан жоқ па?
Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан-жарасы жаңгырып, қайғының айықпас дертіне шалдаққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе? Облыстық әнбебаб кітапханасы, колледжіміздің кітапханасымен бірлесіп өткізген іс шарамызды әнұранмен ашып, осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жаста-рымыздың рухына бас иіп, орнымыздан ұрып бір минут еске алдық.
Бір минут үнсіздік. (алаңдағы көтерілістің рольдерін сомдап, тамашаланды) 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д.А.Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттғы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды. Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі.1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні.
Ежелден аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің биыл 30 жылдығы. Ән: «Жаса, Қазақстан» Сайлаубай Аружан мен Деріпсалы Ақеркенің орындауында тамашаланды. Нағашыбай Гүлсезімнің нақышына келтіріп орындаған «Тәуелсіздік тұғыры» монологы көрермендерге үлкен әсер берді. Студенттерге викториналық сұрақтар қойылды. Видео рольиктер тамашаланды.Кітап көрмелермен таныстырылды. Қоңарбай Жібектің «Тәуелсіздік» мәнерлеп оқуы өте жоғары деңгейде орындалды. Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, қазағымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз. Олай болса кешіміздің соңында Есімсеітов Абайдың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, еліміз аман жұртымыз тыныш болып, көкбайрағымыз желбірей берсін дегім келеді.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/899-n-lzhanova-atynda-y-tor-aj-gumanitarly-kolledzh-zhata-khanasynda-t-uelsizdikti-30-zhyldy-yna-arnal-an-rukhy-biik-khaly-ty-tarikhy-m-gilik-atty-is-shara-a.html#sigFreeId99c196cb25
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің
жатақхана тәрбиешісі
Бирмаканова Ж.Х.