Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Білімалушылардың қысқы демалысының ұзартылуына байланысты тәрбиелік іс шаралар онлайн форматта ұйымдастырылып жатыр. Осындай жоспарлы іс шаралардың бірі 1-2  курс студенттері мен ата –аналарына Zoom платформасында ақпараттық түсіндірме жұмысы  өткізілді. Ақпараттық түсіндірме жұмысы барысында төмендегі тақырыптар қозғалды.

  1. Еліміздегі жарияланған төтенше жағдайлар және қойылатын басты талаптар.

Колледж директоры

Сандуғаш  Орекенқызы Алматова

 

  1. Кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.

Арқақаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты

Дамира Талғатқызы

 

  1. Кәмілеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған  іс шаралар барысымен таныстыру. 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Гулхашима Қуандыққызы

  1. Файзер вакцинасын алуды белсендіру және ревакцинация жұмыстары туралы ақпараттық-түсіндірме.

Колледж мейірбикесі Аюбекова Сания

  1. Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік пен өз өзімізді эмоционалды басқару.

Колледж психолгы Дакар Айнұр

 

Ақпараттық түсіндірме жұмысы бойынша төмендегідей шешім қабылданды:

  1. Төтенше жағдай кезінде қойылған талаптар толық сақталсын, білімалушылардың қауіпсіздігі басты назарда ұсталсын. Осы шешімнің орындалуы топ жетекшілеріне жүктелсін.
  2. Құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу шаралары жалғастырылсын.
  3. Вакцинациялау жұмысы белсендірілсін. Шешімнің орындалуына топ жетекшілері белсенділік танытып, ат салыссын. 

 

Колледж ақпараттық қызметі.