Психологиялық тренинг дегеніміз– топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып, психологиялық әсер ету. Семинар-тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдылардың қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері туралы сұрақтар шешіледі. Тренинг адамның потенциалын ашады және ары қарай дамытады.
Колледжімізде тек қана білім алушылардың психологиялық саулығы ғана емес, оларды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып жатқан оқытушыларымыздың да психикасының сау болуы аса маңызды. Оқытушылармен тренинг өткізу арқылы әр қызметкердің жеке қабілетінің ашылуына және жағымды қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік аламыз. Колледжімізде ұжым арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және қашықтықтан оқыту кезінде білім беру мотивациясын сақтау мақсатында 1-2 курс топ жетекшілері арасында «Біз бір командамыз!» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг басталмас бұрын оқытушыларымыз жағымсыз көңіл-күйлерінен арылу мақсатында «Стрессіз ауа» жаттығуын жасап, шарларды жару арқылы өз жағымсыз сезімдерінен арылды. «Тәтті таныстық» жаттығуы арқылы, суреттері жапсырылған тәттілерді бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіру арқылы, әріптесінің жағымды қасиеттерін айта отырып сыйға тартты. Сонымен қатар, «Ерекше назарды қажет ететін білім алушы дегеніміз кім?» тақырыбында постер қорғап, өз ойларын ортаға салды. Соынмен қатар, қашықтықтан оқыту кезінде білім беру мотивациясын қалай сақтауға және білім алушыларымыздың ынтасын қалай арттыруға болатыны жөнінде психологиялық кеңестер ұсынылды. Тренинг соңында оқытушыларымыз жақсы әсер алғандарымен бөлісіп, өз алғыстарын білдірді. Өздерінің жылы лебіздерін жүрекше парақшаға жазып, сыйға тартты. Біраз ақпарат алғандарын айтып, жақсы тәжірбие алмасу болғандығын атап өтті.
Колледж психологы Дакар А.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/934-biz-bir-komandamyz-psikhologiyaly-trening.html#sigFreeIdac8c00149b