"Ұлылар мұрасы-ұрпаққа өнеге" атты тақырыпта
А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай іс шара
Қаламыздағы облыстық әнбебаб ғылыми кітапханасында "Ұлылар мұрасы-ұрпаққа өнеге" атты тақырыпта А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай іс шара өткізілді. Жатақханамыздың 1 курс студенттерінің қатысуымен. Түрлі викториналық сұрақтар қойылды, Ұстаз жайында көптеген мағұлматтар алып, өздерінің білімдерін толықтырды. Ақынның көптеген оқулықтарымен танысты. Ахаңның өмірдегі ең маңызды істер қатарына үш ірі бастамасын жатқызуға болады: Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатовпен бірлесе отырып, өз заманы мен бүкіл қазақ халқы үшін тұтас ұлттың сауаты мен білім айнасына айналған "Қазақ" газетін басып шығару; Араб графикасын қолдану арқылы "Төте жазу" жасау және "Алаш-Орда үкіметінің қызметіне қатысу түсіндірілді. Біздің кім екенімізді, қайдан шыққанымызды ана тіліміздің қай тілі екенін және осындай жаңа Тәуелсіз Қазақстандағы әл-ауқатымыз қандай тұлғалардың арқасында екенін мәңгі есте сақтауымыз шарт.
Бирмаканова Ж.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/974-lylar-m-rasy-rpa-a-nege-atty-ta-yrypta-a-bajt-rsynovty-150-zhyldy-yna-oraj-is-shara.html#sigFreeId7e46864e9c