Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі № 5 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебіне 2023-2024 оқу жылына оқуға түсуге үгіт-насихат жұмыстарын колледж оқытушылары К.М.Айтмағанбетов, З.Р.Хасенова, М.А.Рябчинская ұйымдастырды. Оқытушылар оқушыларға қабылданатын мамандықтар, колледждің жетістіктері, жатақхана, шәкірақы туралы мәліметтер берді.
Колледжге оқуға түсуге ынта білдірген оқушылар да болып, сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Үлестірмелі қағаздар таратылды.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/k-siptik-ba-dar-beru/1297-sdd3.html#sigFreeIddd3bf9fd82