Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 2023-2024 оқу жылына мектеп түлектерін оқуға түсуге үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Қаламыздағы № 1 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына колледж оқытушылары Д.М.Издибаева, Г.С.Нургазина, Л.Б.Акылбекова, Ш.Е.Каппасовалар үгіт-насихат жұмыстарын  жүргізді. 

Үгіт-насихат жұмысының негізгі мақсаты- түлектерді оқуға шақыру. Оқытушыларымыз колледждің тарихымен, мамандықтарымен, тапсыратын құжаттар  туралы айтып, үлестірмелі қағаздар тартты.                                               

Нургазиева Бакытира Акансериевна

директордың оқу өндірістік жұмысы

жөніндегі орынбасары