Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушылары Айтмағанбетов К.М., Хасенова З.Р., Ербосынова Ф.М., Рябчинская М.А. 14-21 аралығында қаламыздағы № 5 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып түлектеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға колледж тарихы мен жетістіктері туралы презентация арқылы түсіндірме жұмыстырын таныстырды. Түлектер мамандықтар туралы жеке сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Колледжге оқуға түсем деген ұсыныстарда болды.
Мысалы: «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына -1 оқушы - Серікова Еркенұр- 9 сынып негізінде,
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығына- 1 оқушы-Бекенова Айым- 9 сынып негізінде,
«Дене тәрбиесі және спорт»- 3 оқушы- Искендер Рустам, Хамидуллин Ұлан, Қуанышпай Жанайым- 11 сынып негізінде,
«Хорда дирижерлеу» мамандығы бойынша – Аюпова Дильнара – 11 сынып негізінде колледжге оқуға келуге ниет білдірді. Үгіт-насихат жұмыстары әлі де жалғасады.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/k-siptik-ba-dar-beru/1550-git-nasikhat-zh-mystary-222.html#sigFreeId1b5cab086b