Мектеп бітіруші түлектерді оқуға шақыру мақсатында 2024 жылдың 25 сәуірі күні Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі үгіт - насихат тобы Аманкелді ауданының Ы.Алтынсарин, Аманкелді, Б. Қолдасбаев, Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9 - 11 сынып оқушыларына оқуға шақыру бойынша үгіт насихат шаралары ұйымдастырылды.
Үгіт - насихат жұмысы шеңберінде колледждің «Нәзипа Ізбасарлары» клубының белсенділері өз кәсібінің басымдылықтарын айтып, мамандық таңдаудағы қиындықтар туралы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Үгіт - насихат жұмысына қатысушы түлектерге колледж мамандықтары жарнамаланған үлестірме қағаздары таратылып, колледж мүмкіндіктері мен материалдық жағдайы қамтылған бейне роликтер көрсетілді.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/k-siptik-ba-dar-beru/1646-n-lzhanova-atynda-y-tor-aj-gumanitarly-kolledzhi-git-nasikhat-toby.html#sigFreeId4da11eea22