Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледждің оқу – өндірістік бөлімі жұмыс жоспарына сәйкес «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының бітіруші топтары мен әлеуметтік серіктестеріміздің қатысуымен «Педагогикалық оскар» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Байқауымыздың негізгі мақсаты: Білім алушылардың алған теориялық және тәжірибелік білімдерін тексеру, кәсіби педагогикалық біліктілігін қалыптастыру, шығармашыл жастарға қолдау көрсету, мақсатқа жетуде танымдық қызметті басқара білу; болашақ  педагогтардың жеке - тұлғалық потенциалын жүзеге асыруға, педагогикалық мәдениетті шығармашылықпен көрсетуге жағдай жасау; ата - аналармен жұмыстың әдіс тәсілдерін ұсыну, құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарларынан үзінді көрсету, педагогикалық кәсіптің және педагогикалық білім берудің маңыздылығын күшейту.

Байқауға «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының БМ - 31 тобы мен бағыт бағдар беруші,әлеуметтік серіктес Кейкі батыр атындағы №4 Жалпы білім беретін мектебінің оқытушылары Баязитова Гулим Сейтбековна және Ибраева Жансая Жаксыбаевна командасы мен «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының БМ -42 тобы мен бағыт бағдар беруші, әлеуметтік серіктестеріміз Ш.Уалиханов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Кәбзиеова Бақыткүл Қасеновна және Мұсаева Жадыра Рахманбердіқызы командасымен қатысты.

Байқауға Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының PhD доктор, Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының жетекшісі Оспанбекова Мейргул Несипбековна,

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі директорының ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары Сәрсембаева Багжанат Мұхамеджановна,

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының бөлім меңгерушісі Исмагулова Венера Жумагалиевна төрелік етті.

Байқау 3 кезең бойынша өткізілді.

       1. кезең «Команданы таныстыру» - визитка

Мақсаты: Команданың ғылыми және шығармашылық қабілеттерін айқын көрсету;

  1. кезең «Пән бойынша оқу сабағының (жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу» сайысы.

Мақсаты: теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту;

  1. кезең – «Ата - аналар жиналысын өткізудің әдіс - тәсілдері»

Мақсаты: Ата - аналар жиналысын өткізудің жаңа әдістемесін ұсыну. Студенттердің кәсіби - педагогикалық  ой - өрісін және кәсіби тәжірибесін кеңейту.

            Байқау нәтижесі бойынша топтарға екі номинация берілді. «Үздік сандық тәжірибе» БМ-42 тобы, «Үздік сабақ дизайны» БМ-31 тобы иеленді.

Байқауға ат салысқан серіктестеріміз бен төрелік еткен қонақтарға колледж директорының атынан алғыс хаттар табысталды. Байқаудың жоғарғы деңгейде өтуіне ат салысып, ерекше шеберлікпен ұйымдастырған колледж арнайы пәндер  оқытушылары, тәжірибе әдіскерлері, Оразова Гулхашима Куандыковна және Оралбаева Салтанат Усербаевна

Колледж серіктестерімен бірлескен іс - шара білімалушыларды кәсіби шеберлікке баулуда жетекші құрал болып табылады.