Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс БМ-42 тобының білім алушылары 2024 жылдың 07 қазан - 01 қараша аралығында қаламыздағы Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық тәжірибелері ұйымдастырылуда. Әдіскерлер: Абдилдина Кулаш Султановна, Назарова Гульмира Куандыковна, Оралбаева Салтанат Усербаевна, Байбосын Кызгалдак Кызыряновна, Әждарова Балауса Сериковналар білім алушылардың сабақтарына қатынасуда.
Мысалы: Әдіскер Абдилдина Кулаш Султановна БМ-42 тобының білім алушысы Қайратқызы Қаламқастың 1 «А» сыныбындағы Әліппе сабағының «Е дыбысы мен әрпі» тақырыбындағы сабағы өте жоғары дәрежеде өткендігін атап өтті. Қаламқас Қайратқызы сабақ барысында оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдерді, платформалардың түрлері арқылы оқушыларды өз сабағына қызықтыра білген.
Білім алушылардың сабақтарына кіру жалғасуда