«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс БМ-31 тобының білім алушылары қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектепте кесте бойынша сабақ беруде.
Білім алушылардың сабақтарына әдіскер Ақылбекова Луиза Бекетовна қатынасып, әдістемелік көмек беруде. Мысалы: БМ-31 тобының білім алушысы Ә.Арықбан 1 сыныпта жаратылыстану пәнінен өткізген «Жабайы және үй жануарлары», Ө.Нұрболқызы 4 сыныпта әдебиеттік оқу сабағында өткізген «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» тақырыбындағы сабақтарын атап өтуге болады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/k-siptik-ba-dar-beru/1781-mekteptegi-baj-au-t-zhiribesi.html#sigFreeId5068ec2d43