Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Бүгін колледжде Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық университетпен ортақ әріптестік меморандум аясында шетел ғалымдарымен ғылыми тәжірибе алмасу кездесуі өткізілді. Кездесуге шетелдік қонақтар: Саясаттану және халықаралық қатынастар докторы, Нийде Өмер Халисдемир университетінің, Әлеуметтік институты, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының ғалымы Тургай Дуген және
Нийде Өмер Халисдемир университетінің докторы, түрік тілі мен әдебиеті және мәдениет кафедрасы Ердинч Демирай, Педагогика және филология факультетінің деканы, Филология ғылымдарының кандидаты, Арқалық педагогикалық университетінің құрметті профессоры -
Қалиев Айбек Киікбайұлы қатысты. Ғылыми тәжірибелік шараны колледж директоры Руслан Елікбайұлы Мамбетов жүргізді. Кездесу барысында студенттер мен колледж оқытушылары өздерінің ғылыми бағыттарындағы сауалдарын қойып өздеріне бағыт алды. Шарада ғылыми маңызды тақырыптар қозғалып, студенттердің шет елде білімдерін жалғастыру мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылды. Білім мен ғылым төңірегіндегі әріптестік байланыс жолдары талқыланды. Студенттер мен оқытушыларға ғылыммен айналысудағы пайдалы шара алдағы уақытта тағы да жалғасын табатыны талқыланды.