Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Аудан мектептерімен өткен  «Ашық есік» күні

 

         Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі  21.12.2020  Амангелді ауданы  мектептерінің  9-11 сынып  түлектерімен «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ашық есік күніне ауданға қарасты  Жасбуын, Құмкешу, А.Боранбаев, Ы.Алтынсарин, Б.Қолдасбаев, Амангелді, Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектептердің түлектері мен сынып жетекшілері қатынасты.

         Колледж әкімшілігінен әдіскер Г.К.Оразова, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», музыка бөлімінің меңгерушісі А.Е.Булекова, кадр бөлімінің меңгерушісі, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.С.Сейткожиналар 

түлектерге колледж тарихы, мамандықтар, тапсыратын құжаттар, емтихандар, түлектерге берілетін жеңілдіктер туралы ақпараттар берді. Бітіруші түлектер өздеріне қажетті сұрақтарына  жауаптар  алды.

 

Бакытира  Нургазиева

директордың оқу өндірістік

жұмысы жөніндегі орынбасары