Балабақша тәрбиешілерімен өткен іс-шара
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 22.02.2022 ж. «Балабақшада қолданылатын инновациялық жаңашыл әдіс-тәсілдер» тақырыбында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының бітіруші топтары мен 2 курс білім алушыларына арналған балабақша тәрбиешілерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді педагогикалық тәжірибеге жауапты әдіскерлер Т.У. Аубакирова мен А.Ж.Сейполинова ұйымдастырды. Іс-шараға қаламыздағы «Ақбота», «Алпамыс», «Балдырған», «Раушан» балабақшаларының тәрбиешілері мен әдіскерлері қатынасып, білім алушыларға оқу қызметінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйретті. Ұйымдастырған іс-шара өз мақсатына жетті.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/leumettik-seriktester/1049-balaba-sha-t-rbieshilerimen-tken-is-shara.html#sigFreeId22c2224805