Колледж және балабақша тәрбиешілерімен өткен дөңгелек үстел
Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Оқу процессінде пайдаланып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Әдіс-тәсілдер білім алушылардың жеке қасиеттерін аша отырып, оның танымдық қабілетін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз болу үшін ең басты мәселе - оқыту үрдісін дұрыс таңдау. Осы мақсатта Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжде «Балабақшада қолданылатын инновациялық жаңашыл әдіс-тәсілдер» тақырыбында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының бітіруші топтары мен 2 курс білім алушыларына арналған балабақша тәрбиешілерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға қаламыздағы «Ақбота», «Алпамыс», «Балдырған», «Раушан» балабақшаларының тәрбиешілері мен әдіскерлері қатынасты. Дөңгелек үстелді педагогикалық тәжірибеге жауапты әдіскерлер Аубакирова Толкын Утешовна мен Сейполинова Айгерим Жанабергеновналар ұйымдастырды.
Іс-шара 2 кезеңнен тұрды.
I-кезең бойынша әр тәрбиеші мен әдіскер презентация арқылы өздерін таныстыру;
II-кезең бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдермен іс-тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстелге «Балдырған-А» балабақшасынан Сардарова Гүлім Жапаровна, «Алпамыс» балабақшасынан Абдибекова Махаббат Оразгалиевна, Баязитова Жадра Кенесовна, «Ақбота» балабақшасынан Ғазез Әйгерім Қалқаманқызы, «Раушан» балабақшасынан Адилбекова Меруерт Жумашовна, Габдуалиева Эльмира Сәрсенбаевналар білім алушыларға оқу қызметінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді, көрнекі құралдармен жұмыс жасау жолдарын үйрете отырып, тәжірибелерімен бөлісті. Қатынасқан әдіскерлер мен тәрбиешілер мақтау қағаздарымен марапатталды. Соңы колледж білім алушыларының концерттік бағдарламасымен тәмәмдалды.
Колледжіміздің әлеуметтік серіктестермен өткізген іс-шараларына қолдау көрсетіп отырған балабақша меңгерушілеріне және қатынасушыларға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да бірлесе өткізетін іс-шараларымыз жалғасын табады.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі директорының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Арқалық қаласы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/leumettik-seriktester/1122-kolledzh-zh-ne-balaba-sha-t-rbieshilerimen-tken-d-gelek-stel.html#sigFreeId02643f9d7e