Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманмитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының тәжірибе әдіскерлері Насрединова А.Е., Хасенова З.Р. 23.11. 2022-2023 оқу жылы әлеуметтік серіктестеріміз Қостанай гуманитарлық колледжімен бірлесе «Академиялық дербестік еркіндік жағдайында сапалы білім беру барысында» тақырыбында 3-4 курс білім алушыларымен тәжірибе алмасты.
Білім алушыларымыз жаңа форматта ата-аналармен жұмыс, мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке жұмыс, М.Монтессори технологиясының әдістерін көрсету, ойын түрлерін және тренингтер ұйымдастырды.
Тәжірибе алмасу өз мақсатына жетіп, серіктестер келесі ақпан айында өтетін іс-шараға сәттілік тілесті.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/leumettik-seriktester/1255-seriktestik-ala-y-zhobasy-bojynsha-tken-is-shara-2.html#sigFreeId1c50e68898