Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Дөңгелек үстел

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 24.10.2023 оқу жылы қаламыздағы балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері арасында «Мектепке дейінгі мекемеде баланы бейімдеу кезінде тәрбиешінің жұмыс ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді әдіскерлер Т.У Аубакирова мен Д.Б. Білісбекова өткізді.

Негізгі мақсаты – баланың балабақшаға бейімделуіне педагогикалық-психологиялық тұрғыда көмек көрсету және тәжірибе алмасу. Тәжірибе алмасуға «Алпамыс», «Раушан», «Балдырған А», «Золотой ключик» балабақшаларының әдіскерлері мен тәрбиешілері келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында колледж психологі Г.К.Нуркенова  келген қонақтармен психологиялық тренинг өткізді.

Нургазиева Бакытира Акансериевна

директордың оқу өндірістік жұмысы 

жөніндегі орынбасары