27 желтоқсан 2023 жылы «Серіктестік алаңы» бағдарламасын іске асыру аясында Қостанай гуманитарлық колледжімен бірлесіп «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушыларының өзін-өзі бьасқаруды жүзеге асыру дағдыларын дамыту және насихаттау мақсатында «Табыс портфолиосы» байқауы ұйымдастырылды.
Байқау 4 бөлім бойынша «Менің әлемім», «Менің оқуым», «Менің жетістіктерім», «Шығармашылық қоры» бойынша өткізілді.
Әділ-қазылар алқасы болып Қостанай қаласының колледждің әлеуметтік серіктестіктері Ахметова Асель Сериковна «Антошка»ЖШС балабақшасының тәрбиешісі және Музаева Хеде Сайдаевна «Жастық» ЖМ балабақшасының тәрбиешісі бағалады.
Біздің колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушылары Дүйсекова Аружан 3 орын Дипломмен, жетекшісі Білісбекова Динара Білісбекқызы, Әлмен Қуанышгүл Сертификатпен, жетекшісі Хасенова Зайгул Хасеновна иеленді.
Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары белсенді қатысқаны үшін дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/leumettik-seriktester/1558-tabys-portfoliosy-baj-auy-2.html#sigFreeId011a88db0b