Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 23 ақпан 2024 ж. қаламыздағы  бөбекжай тәрбиешілерімен «Үздік тәрбиеші-2024» байқауын өткізді. Байқауға «Алпамыс», «Балдырған А», «Золотой ключик», «Раушан» бөбекжайдың тәрбиешілері қатынасты. Байқауды колледжіміздің педагогикалық тәжірибе әдіскерлері Аубакирова Толкын Утешовна мен Білісбекова Динара Білісбекқызы ұйымдастырды.

Байқаудың негізігі мақсаты - әлеуметтік серіктестігімізді дамыту, білім алушыларды тәрбиешілік қызметке бейімдей отырып, қазіргі заманға озық технологияны оқу –тәжірибе қызметінде пайдалану.

Байқау 3 кезең бойынша өтті:

  1. «Мен өз ісімнің шеберімін» таныстыру;
  2. Жаңа форматта ата-аналар жиналысы
  3. Шығармашылық жұмыс (бір жаңа технология көрсету)

Байқауға «Балдырған А» бөбекжай тәрбиешісі – Еркін Гульфайрус Оразбекқызы,  «Золотой ключик» бөбекжайы тәрбиешісі – Мауленова Жумабике Абдибековна, «Алпамыс» - Абдибекова Махаббат Оразгалиевна, «Раушан» бөбекжайы – Кенжеғара Нұрлыгүл  Кенжеғарақызы  қатынасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.  

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені – Кенжеғара Нұрлыгүл Кенжеғарақызы «Раушан» бөбекжайы тәрбиешісі,

I-орын-Абдибекова Махаббат Оразгалиевна «Алпамыс» бөбекжайы тәрбиешісі,

II-орын-Еркін Гульфайрус Оразбекқызы - «Балдырған А» бөбекжай тәрбиешісі;

  III-орын-Мауленова Жумабике Абдибековна-«Золотой ключик» бөбекжайы тәрбиешісі иеленді. Жеңімпаздар  алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.