Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Ата-аналармен және білім беру ұйымының қызметкерлерімен өзара әрекеттесу»  дәстүрден тыс ата-аналар жиналысының байқауы

Облыстық білім басқармасының қолдауымен «Серіктестік жобасы» аясында Қостанай гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен   Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушыларымен 27 ақпан 2024 жылы «Ата-аналармен және білім беру ұйымының қызметкерлерімен өзара әрекеттесу»атты  дәстүрден тыс ата-аналар жиналысын ұйымдастыру байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты- отбасы жағдайында  мектеп жасына дейінгі балалардың ойын қызметін жандандыру мәселесі бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру. Дәстүрден тыс ата-аналар жиналысын ұйымдастыру. Байқауға  әр колледжден 2 білім алушы қатынасты.

Екі колледжден бірлесе әділқазылар алқасы сайланып, қатынасқан  4 білім алушының өздері дайындаған  ата-аналармен дәстүрден тыс жиналыстың түрлерін бағалады.

Қорытындылай келе,1 орынды Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 2 курс МД-22 тобының білім алушысы Ерлан Гүлім, жетекшісі Насрединова А.Е., Мд-21 тобының білім алушысы Төленді Гүлнұр, жетекшісі Хасенова З.Р. сертификатқа ие болды.

 

Название Скачать
1  Диплом