Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі Әлеуметтік серіктестіктермен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 2025 - 2026 оқу жылына Астана қаласының «EsiI University» Университетімен бірлесіп білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Меморандумға Университет Ректоры Таубаев Аяпберген Алданайұлы мен колледж директоры Мамбетов Руслан Еликбаевич екі жақты қол қойылды, Меморандум аясында ынтымақтастықтың мәні болып табылатын оқу жоспарларын синхрондау, кеңес беру, дәрістер оқу, кадрларды қайта даярлау курстарын ұйымдастыру, ғылыми зерттеу және қолданбалы жұмыстарды орындау үшін мердігерлік шарттарды рәсімдеу және жасасу, бірлескен іс - шаралар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, жәрмеңкелер басқа да іс - шараларды ұйымдастыруға және өткізуге екінші Тарапты тартуға бастамашылдық жасау жұмыстары қарастырылды.
Осы, Меморандумды жасауға, әріптестік ынтымақтастық байланысқа ықпал жасаған Университеттің проректоры Мақыш Серік Биханұлы.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/leumettik-seriktester/2016-seriktestik-bajlanys-ke-ejtildi.html#sigFreeId81e058d4ec














