Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2025 жылдың 13-17 қазан аралығында БМ-22 тобында «Байқау тәжірбесіне» арналған оқу тәжірибесі өткізілді.
Тәжірибені әдіскерлер Абдилдина Кулаш Султановна, Оралбаева Салтанат Усербаевна, Ақылбекова Луиза Бекетовна, Оразова Гулхашима Куандыковналар ұйымдастырды. Әдіскерлер білім алушылар бірінші рет тәжірибеден өтетін болғандықтан білім алушыларға мұғалімдердің жоспарларымен таныстырып, ҚМЖ (қысқа мерзімді), ОМЖ (орта мерзімді), ҰМЖ (ұзақ мерзімді) жоспарларды, сабақта қолданатын көрнекіліктер, әдіс-тәсілдердің түрлерін, сабақты талдау, күнделікті толтыру, қорытынды есеп жазуды т.б. әдістемелік көмектерін берді.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/leumettik-seriktester/2022-bastauysh-bilim-beru-pedagogikasy-men-distemesi-2.html#sigFreeIdfe1fbbe711














