Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Үздік тәрбиеші -2025» байқауы
2025 жылдың 27 қараша күні Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен қалалық білім бөлімі бірлесіп  қаламыздағы балабақша тәрбиешілерінің «Үздік тәрбиеші- 2025» байқауын ұйымдастырды. 
Байқаудың негізгі мақсаты- Білім саласындағы тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау арқылы мамандықтың беделін өсіру және кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, қалалық көлемінде ең үздік тәрбиешілерді анықтау.
Байқау 4 кезеңнен тұрды: 
1.    «Мен тәрбиешімін!» (таныстыру)
2.    «Ойнайық та, ойлайық!» (Дидактикалық ойындар)
3.    «Үй тапсырмасы» (Өз қолдарымен дайындаған көрнекі құралдар)
4.    «Тәрбиешінің сегіз қырының бірі» (Оқу іс-әрекеті)
Байқауға қаламыздағы «Алпамыс», «Раушан», «Балдырған-А», «Золотой ключик», «Ай- Али» балабақшалаының тәрбиешілері ат салысты. Шеберлік пен шығармашылықтың, тәжірибе мен  білімнің сынарлы сәтіне  «Алпамыс» бөбекжайының тәрбиешісі – Муканова Зауре Жултаевна және Дүйсенбаева Гүлзира Абдулахатовна, «Раушан» бөбекжайының тәрбиешісі- Қосылбек Құндыз Асқарбекқызы,  «Балдырған-А» бөбекжайының тәрбиешісі- Жұмабай Ырысты Дәрменқызы, «Золотой ключик» бөбекжайының тәрбиешісі- Оразгалиева Камила Боранбаевна, «Ай-Али» бөбекжайының тәрбиешісі- Сатова Жібек Қойшановналар қатынасты. 
Кез-келген байқаудың әділ, әрі шынайы бағалануы - әділқазылар алқасының кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты. Бүгінгі байқауда қатысушылардың білім-білігі мен кәсіби шеберлігін саралап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы  Ы.Алтынсарин атындағы университеттің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының аға оқытушысы Турсунбекова Гуляим Искаковна-төрайымы, мүшелері-қалалық білім бөлімінің әдіскері Булат Улбосын Мадиқызы, колледжден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Оразова Гулхашима Куандыковналар әділ бағасын берді. 
Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Раушан» бөбекжайының тәрбиешісі-Қосылбек Құндыз Асқарбекқызы, I-орынды «Алпамыс» бөбекжайының тәрбиешісі-Муканова Зауре Жултаевна, II-орын «Алпамыс» бөбекжайының  тәрбиешісі Дуйсенбаева  Гулзира Адулахатовна,  II-орын «Балдырған- А» бөбекжайының тәрбиешісі Жұмабай Ырысты  Дәрменқызы, III- орын «Золотой ключик» бөбекжайының тәрбиешісі  Оразгалиева Камила Боранбаевна, III- орын «Ай-Али» бөбекжайының тәрбиешісі Сатова Жібек Койшановна иеленді. 
Жүлдегерлерге және бөбекжай меңгерушілері мен әдіскерлеріне мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ұлағат пен мейірімді ұштастыратын тәрбиші болу- жүрек ісі.  Байқауға қатысқан әрбір ұстаз- нағыз бала жанының бағбаны. Олай, болса іс-шараға қатынасқан тәрбиешілерімізге сәттілік пен шабыт тілейміз!