Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Халық дәстүрі - асыл қазына»

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушыларымен 27.10.2023 ж. қаламыздағы балабақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері арасында «Халық дәстүрі - асыл қазына» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.

Семинардың негізі мақсаты- сапалы білім беру барысында  инновациялық білім мен технологияларды балабақшада қолдану. Тәжірибе алмасу семинарын әдіскерлер А.Е.Насрединова мен Ф.Е.Ербосынова ұйымдастырды.

Семинарға «Ақбота», «Золотой ключик», «Балдырған А», «Раушан», «Алпамыс», «Гүлдер» балабақшаларының әдіскерлері мен тәрбиешілері қатынасып түрлі әдіс- тәсілдерді білім алушыларға үйретті.

Нургазиева Бакытира Акансериевна

директордың оқу өндірістік жұмысы

жөніндегі орынбасары