Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс БМ-32 тобы қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық байқау тәжірибесінен өтуде.
Тәжірибе барысында әдіскер Оралбаева С.У. білім алушылардың сабақтарына қатынасып, талдау жасап, әдістемелік көмек берді.
Сабақ барысында БМ-32 тобының білім алушылары Ж. Еркінғалидың дүниетану пәнінен «Біздің сынып», Ж. Серікбаеваның жаратылыстану пәнінен «Өкпені шынықтыру», БМ-33 тобының білім алушылары Б.Копеева әдебиеттік оқу пәнінен, А. Аманкелді дүниетану пәнінен өткізген сабақтары жоғары дәрежеде өткендігін атап өтті. Кесте бойынша сабаққа кіру жалғасады.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік
жұмысы жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/pedagogikaly-t-zhiribeni-t-rleri/1553-mekteptegi-baj-au-t-zhiribesi-6.html#sigFreeId645378cee1