Мектептегі «Байқау тәжірибесі»
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс БМ-11 тобының білім алушылары 2025 жылдың 10 қараша-19 желтоқсан аралығында қаламыздағы № 4 Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Байқау» тәжірибесін өткізуде.
Тәжірибе барысында әдіскерлер білім алушыларға мектеп ережесімен, мектептің әкімшілігімен, тәжірибе кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен және тәжірибеде өткізетін сабақтары жөнінде кеңес берді. Тәжірибе әдіскерлері Абдилдина Кулаш Султановна, Оралбаева Салтанат Усербаевна, Назарова Гулмира Куандыковна, Әждарова Балауса Сериковналар білім алушылардың сабақтарына қатынасып, әдістемелік көмек беруде.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/pedagogikaly-t-zhiribeni-t-rleri/2080-1-kurs-baj-au-t-zhiribesi.html#sigFreeIda3c62ff4d0














