А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында өткен педагогикалық тәжірибе
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3 курс ДМ-32 тобының білім алушылары 2025 жылдың 17-28 қараша аралығында педагогикалық тәжірибеден өтуде.
Тәжірибе барысында студенттер дене шынықтыру сабақтарының құрылымы мен өткізу әдістемесін меңгеріп, оқу үдерісіне белсенді қатысуда. Сонымен қатар, мектептің оқу-тәрбие жұмыстарымен танысып, өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру үстінде.
Педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын әдіскер Жакупова Гулим Маликовна жүргізуде. Ол студенттерге әдістемелік көмек көрсетіп, сабақтарды жоспарлау, өткізу және талдау кезеңдерінде бағыт-бағдар беріп отыр.
Бұл тәжірибе болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді.














