Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Интернетпен жұмыс жасау» педагогикалық тәжірибесі

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының БМ-31 тобында қашықтан 2020-2021 оқу жылының 27.10.-02.11. аралығында «Интернетпен жұмыс жасау» педагогикалық тәжірибесі өтті. Педагогикалық тәжірибені әдіскер Халыкова Г.А.ұйымдастырды. Тәжірибе уақытында білім алушылар «Интернет желісіне сипаттама», «Интернетке қосылу», «Желі қызметтері», «Браузермен жұмыс жасау», «Интернеттен ақпаратты іздеу», «Outlook Express» бағдарламасы арқылы жұмыс жасаудың  жолдарын үйрене отырып, «ЗУМ» бағдарламасы арқылы видео сабақтар өткізді. Өткізген видео сабақтарына талдау жасалып, бағаланды. Қашықтан оқыту арқылы өткен іс-тәжірибе білім алушыларға ешқандай қиындықтар туғызбады. Тәжірибе соңында қорытынды есептерін және күнделіктерін әдіскеріне «WһatsApp» желісімен жіберді.  

 

 

 

Нургазиева Бакытира Акансериевна

директордың оқу өндірістік жұмысы

жөніндегі орынбасары