Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3 курс МД-32 тобының білім алушылары 10.11-30.11.21 аралығында «Ақбота» балабақшасында педагогикалық іс-тәжірибелерін өткізуде. Тәжірибе барысында білім алушыларымыз өздеріне бөлініп берілген тақырыптары бойынша ашық сабақтар ұйымдастырып, әдіскерлермен бірлесе сабақтарына талдау жасап, бір-бірімен тәжірибе алмасуда. Әдіскер Хасенова З.Р. үнемі білім алушылардың сабақтарына қатынасып, түрлі әдіс-тәсілдерді үйретуде.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-ndiristik-yzmet/pedagogikaly-t-zhiribeni-t-rleri/808-mashy-kerler-tkizgen-ashy-saba-tar-2.html#sigFreeId3f93eff3aa