Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

КМҚК Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

КГКП Торгайский гуманитарный колледж имени Назипы Кулжановой

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

Арқалық 2020-2021 оқу жылы

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының мақсаты:

 

Жастар ісі жөніндегі комитет студенттердің қоғамдық өміріндегі саяси, ғылыми, әлеуметтік, мәдени, спорттық бағыттағы шаралар бойынша жүйелі жұмысын өткізеді және ұйымдастырады. Жастар комитеті колледждің барлық студенттік ұйымдарын басқарады. Жастар комитетінің негізгі әрекеті бөлімдерде студенттік өзін – өзі басқарудың құрылымдық белсенділіктерін жоғарлатуға бағытталған. Конветтің негізгі тапсырмасы болып:

 

  • Біріншіден: оқу танымдық, ғылыми қарым – қатынастағы шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
  • Екіншіден: студенттердің құқықтарын, мүмкіндіктері мен жауапкершіліктерін шынайы қалыпқа түсіру.
  • Үшіншіден: студенттердің әлеуметтік құқықтық ортада өзін – өзі қорғауға жағдай жасау.

 

Н.Құлданова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жастар комитеті студенттердің өзін – өзі басқарудың жоғары органы – Еріктілер ұйымы арқылы басқару әрекетін жүргізеді. 

        

ЖІК төрағасы: Оразов  Н.Р.

 

 

Студенттік өзін – өзі басқару  –  колледждің әлеуметтік белсенді студенттік жастарының шығармашылыққа, бос уақытты ұйымдастыруға, білім беру және әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған қоғамдық қызмет нысаны.

 

Өзін – өзі басқару Кеңесінің негізгі мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаттары:

 

  • болашақ маманның өзіндік өсуін дамыту;
  • колледждегі тәртіпті қолдау, студенттердің үлгерімі мен қатысымын арттыру,
  • азаматтық – патриоттық тәрбие ісін арттыру;
  • студенттердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыруға көмектесу;
  • студенттердің салауатты өмір салтын жүргізуді насихаттау;
  • колледж студенттерінің толеранттілігін тәрбиелеу;
  • волонтерлік қозғалыс пен қайырымдылық акцияларға қатысу.

 

Міндеттері:

 

  • әкімшілік пен тәрбиелеушілік құрылымдарға колледж қызметінің түрлі саласына студенттерді белсенділікпен тартуға мүмкіндік беретін қажетті жағдайлар жасауға көмектесу;
  • колледж қызметінің түрлі мәселелері мен жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі студенттерді ақпараттық қамтамасыз ету;
  • салауатты өмір салтын бекітуге, студенттердегі зиянды әдеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектесу;
  • тұлғаның өзіндік дамуына, студенттер бойына азаматтық және патриотизм сезімдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, студенттердің әлеуметтік маңыздылығы зор қызметі мен түрлі іс – шараларын ұйысдастыру;
  • Кеңес пен топ активінің бірлескен қызметі;
  • колледж беделін нығайту.

 

Кеңес өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

 

Колледж президенті  өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын алға қояды. Өзін- өзі басқару ұйымының  мүшелерін біріктіріп, колледждегі тәртіпті қадағалау, саналы және патриот студенттер тәрбиелеуге үлесін қосады. Ортақ бағдарламаларды жүзеге асыруда өзін – өзі басқару мүшелерінің қызметін үйлестіреді. Колледж әкімшілігі мен әр түрлі жастар ұйымдарымен бірлесе отырып білімалушылардың қызығушылықтарын жүзеге асырады.

 

Вице президент өзін – өзі басқару ұйымы жұмысының нәтижелігі жөніндегі мағлұматтар жинайды және оны талдайды. Топтардың нәтижелі жұмыс жасауын ұйымдастырады.

 

Оқу министрі колледждегі білім алу сапасын жақсарту барысында білімалушылардың сабаққа,  әртүрлі үйірмелерге, ғылыми конференцияларға қатынасуын  және білім берудің жай күйін бақылап, оқу үлгерімдеріне қадағалау жүргізеді. Сабаққа үнемі кешігетін, колледждің ішкі заңдарына бағынбайтын білімалушылармен жеке жұмыс жасап мәселедерді шешеді.

 

Мәдениет министрі  колледждегі кеш, кездесу, диспут, конференцияларды ұйымдастырады. Колледждегі түрлі мәдени шаралардың уақытылы өтуіне жауапты.

 

Спорт министрі білімалушылардың денсаулықтарына бақылау жасап, кеңес береді. Студенттерді спортен белсенді шұғылдануға баулиды. Дене шынықтыруға бейімдейді, адамгершілікке тәрбиелейді, салауатты өмір салтын насихаттайды, студенттердің ептілік, жыдамдылық, шапшандық қабілеттерін дамуына үлес қосады.

 

“Өркениет” дебать клубы колледж білімалушыларының пікірі мен ойын еркін жеткізуге үйретеді. Пікір – сайыс қозғалысын жастар арасында насихаттайды.  Білімалушыларды патриоттық сезімге баулиды.

 

Волонтерлар клубы еріктілерді рухани дамытады. Іс – шараларға белсене атсалысады. Еріктілер мұқтаж жандарға көмек қолын созады, жәрдесдеседі. Қоғаммен байланыс жұмыс жасап, еріктілер қызметін жандандыратын жұмыс атқарады.

 

Жайдарман КВН клубы білімалушылар арасында танымдық жұмыстарды ынталандырады. Жастардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасайды. Халыққа шындықты әзілмен астарлап жеткізеді. Жастарды патриоттық сезімге баулиды. Жастардың бір-бірімен достық карым-қатынасын нығайтады.

 

“Жас ғалым” клубы білімалушылар бойындағы шығармашылыққа деген қызығушылықтарын қалыптастырады. Ғылыми – практикалық жұмыспен белсенді айналысатын студенттерге қолдау көрсетеді.

 

“Жас қалам” баспасөз қызметі колледж ішінде өтілген әр іс – шараның қандай деңгейде өткенін қорытындылап қағаз бетіне көркемдеп, баспасөз беттерін колледж жаңалықтарымен хабардар етеді. Өтілген іс – шаралар арқылы қоғамдық жұмысқа білімалушылардың көзқарасын өзерту яғни жастарды белсенді болуға жетелейді.