Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Үлгілі отбасыларды құрмет тұту, келешек ұрпаққа өнеге ету мақсатында колледжміздің жас отбасылы білім алушыларға үлгі ретінде «Бақытты отбасы- құпиясы» атты еркін форматта шығармашылық кеш өтті.  Бұл кешке колледжміздің ұзақ жылдар бойы бірге қызмет етіп жүрген салиқалыда салмақты Байдешовтер мен Нугмановтар отбасы қонақ ретінде атсалысты. Кеш барысында өзекті мәселелермен қатар жылдар бойы отбасылық өмірден алған тәжірбиелерімен бөлісті. Сонымен қатар түрлі жағдаяттарды талқылай отырып, сондай тығырықтан шығу жолдарын мысалға келіптіріп жеткізді. Отбасыдағы сенімділік, түсіністік, өзара байланыс, бір-бірін тыңдау негізгі қағидалардың сақталуы өте маңызды. Қатысушы отбасыларды да ойын жүргізу  арқылы өзара сәйкестігін бақыладық. Кеш қонақтары өз ән шашуларын тарту етті. Білім алушылар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойды.  "Бақытты отбасы-құпиясы" не? Бұл сұраққа сан қилы жауап беруге болады... Бақытты отбасы-құпиясы - Отбасыға деген үлкен МАХАББАТ  деп те айтуымызға болады.

Отбасым - менің жүрегім

Отбасым - менің тірегім

Отбасым – менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Кеш көрермендерге әсерлі өтті. Қатысушы отбасылар Алғыс Хатпен марапатталды.

Ғ.Мустафинның «Ата- ананың міндеті- тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

Педагог-психолог Нуркенова Гулмира Дауылбайқызы

Әлеуметтік педагог Сапарова Айдана Асқарқызы