Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледж инспекторымен кездесу

 

1-2 курс білім алушыларына  қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге студенттердің құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру мақсатында Арқалық қалалық Полиция басқармасының Сарманов Миржан Жұмағалиұлы және колледж жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Қадыров Нұрбек Аманжолұлымен кездесті. Кездесу барысында колледж инспекторы өз тәжірбиесімен бөлісіп, жасөпірімдер арасындағы құқық бұзушылық жайында әңгімелеп берді. Сонымен қатар білім алушылар колледж инспекторына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Адамгершіліктің, ізгі қасиеттері мен ар–ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін білуге бағыттайтын құқықтық тәрбие шаралары әлі де өз жалғасын табады.