Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Мектеп қабырғасында 11 жыл оқып, жаңа өмір жолын бастаған әрбір жас студент үшін жаңа оқу орны үлкен бір қамалдай көрінеді. Балалықтың бал дәмін бірге татып өскен достарымен айырылысып, жат жерге танымайтын адамдар ортасына келу кез-келген жас түлектің жүрегінде қорқыныш туғызары анық.

Мектеп қабырғасында 11 жыл оқып, жаңа өмір жолын бастаған әрбір жас студент үшін жаңа оқу орны үлкен бір қамалдай көрінеді. Балалықтың бал дәмін бірге татып өскен достарымен айырылысып, жат жерге танымайтын адамдар ортасына келу кез-келген жас түлектің жүрегінде қорқыныш туғызары анық. Осы сәтте бірінші курс білім алушыларының қорқынышын жеңу және  сәтті бейімделуін жүзеге асыру, күйзелістің алдын-алу үшін психологтың көмегі қажет.

 

Бірінші курс білім алушыларымен жағымды қарым-қатынас орнату, колледж өміріне бейімделу деңгейін арттыру мақсатында колледжімізде «Кел, танысайық» психологиялық тренингі өткізілген болатын. Тренинг барысында білім алушылар «Танысу», «Жалпылау» т.б. сияқты психологиялық жаттығулар жасады. Сонымен қатар, шаттық шеңберін орнатып, бір-біріне деген ыстық лебіздерін білдірді. Тренинг соңында білім алушыларымыз треинг ұнағанын айтып, өз пікірлерімен бөлісті.