Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

 

Әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны абзал. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалуы әбден мүмкін. Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру үшін, болашақта осындай мәселелер туындамас үшін колледжімізде «Бала өмірдің гүлі» атты колледжішілік ата-аналар  семинар-тренинг өткізілді.

 

Семинар-тренинг барысында жасөспірімдердің бойындағы компьютерлік ойындарға деген тәуелділіктің және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын- алу бойынша психологиялық ұсынымдар айтылды. Сонымен қатар, бейнеролик көрсетіліп, ата-аналар өз ой-пікрілерімен бөлісті. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау мақсатында ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді. Және ата-аналарымыз бала тәрбиесіндегі өз тәжірбиелерімен бөлісіп,  ой-пікірлерін ортаға салды. Семинар-тренинг соңында қаншалықты жағымды қарым-қатынас орнатылғанын анықтау мақсатында психологиялық жаттығу жүргізілді. Ата-аналар семинар-тренинг ұнағанын айтып, болашақта осындай жиындар жиі өткізілгенін қалайтындарын айтты.

 

Колледж психологы  Дакар А.