Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету жән ер бала мен қыз баланың бірін – бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, тазалық пен жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері жайлы қыз балалармен әңгімелесу мақсатында колледжіміздің жатақханасында колледж медбикесімен, психолог маманмен және әлеуметтік педагогпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында колледж медбикесі қыздарға жұқпалы аурулар және гигиена жөнінде ақпарат айтып, тазалық денсаулық кепілі екенін атап өтті. Психолог маман оқуға деген мотивацияны қалай көтеруге болатыны жөнінде және күйзелістен шығу жолдары жайлы ақпарат айтты, сонымен қатар қыз баланың ерекше тәрбиесі жөнінде де өз ойымен бөлісті, қыздарға психологиялық кеңестер көрсетілген парақшалар таратып берді. Жатақхана тәрбиешісі тәрбиеде қыз баланың орны ерекше екенін, қазақ халқы қыз балаға әрдайым төрден орын беріп, құрметтегені жайлы айтып берді. Жатақхана тәрбиешісі жатақхана тұрғындарының саналы,тәрбиеле жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін осындай кездесулер жиі ұйымдастыру қажет екенін айтты. Кездесу соңында қыздарымыз өздерін мазалап жүрген сұрақтарымен бөлісіп, бүгінгі кездесу ұнағандарын айтты.
Колледж психологы Дакар Айнур