ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕБІ
Қайырлы күн құрметті Елдар Қонысбайұлы және қоғамдық тыңдалымға қатысушылар!!!!
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/startup-kz/210-1-slajd-n-lzhanova-atynda-y-tor-aj-gumanitarly-kolledzh-zhanynan-ryl-an-zhasampaz-zhastar-jymy-o-amdy-birlestigini-2018-zhylda-memlekettik-leumettik-tapsyrys-bojynsha-zh-zege-asyr-an-zhobalar-turaly.html#sigFreeId630d0ad4a6
2 слайд Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің көпжылдық жұмыс тәжірибесінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша әлеуметтік жобаға қатысу, жоба қорғаут.б қоғамдық жұмыстарға қатысып атқару жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Нәтижесінде осы жұмыстарды бір арнаға тоғыстырып жүйелі жұмыс жасау мақсатында қоғамдық бірлестікті құру мәселесі қаралып, биыл 2018 жылы 14 сәуірде Колледж жанынан
«Жасампаз» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі құрылып, бірлестік құрылтайшылары бекітілді.
3 слайд Қоғамдық бірлестік құрудағы басты мақсат: Жастардың азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, қоғамдық мәселелерді шешуге жұмылдыру.
Балықтарыңызға белгілі қазіргі таңда қоғамдық бірлестіктер жұмысына үлкен мән беріліп, мемлекет тарапынан үлкен мәртебеге ие болып отыр. Өйткені ҚБ тер ең бірінші мемлекеттің қолқанаты дейміз. Мемлекет атқарып үлгермейтін мәселелерді ҚБ жұмыса арқылы жүзеге асырылады. Осы мүмкіндңктерді қолдан жібермеи, мемлекетке заңды түрде қызмет ету мақсатында біздің ҚБ құрылды.
4 слайд ҚБ сәуір айында құрылып, бірлестікте жұмыс атқарып жүрген колледж білімалушылар қатарынан жасақталған белсенді еріктілер Обылыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Іскер жастар кеңесі» ҚБнің ұйымдастырумын жыл сайын өткізетін «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесіне» қатысып, «Сыйлыққа мереке» жобасы 150 мың тенге көлеміндегі шағын грант иегері атандық.
5 слайд Жоба мақсаты: Қамқошысыз, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен аз қамтылған, көп балалы отбасы, балаларға арналған тосын сый туған күн кештерін ұйымдастыру.
Нәтижесінде «Сыйлыққа мереке» жобасы қыркүйек айында қамқоршысыз 3 баланы қазан айында көп балалы отбасынан 2 баланың, мүмкіндігі шектеулі балалардың күндізгі бөлімінде 1, жатаханада мерекелік туған күн кеші тосын сый ретінде ұйымдастырылып өткізілді.
6 слайд Мереке балалардың дәл туған күні күні өткізілді. Тосын сыйға толы туған күн кешін жасау арқылы бұл балалардың қоғамға, мемлекетке қажет екенін сезіндіру жобаның басты мақсаты.
Грант қаржысына Ертегі кейіпкерлерінің киімдері мен дыбыстық құрылғылар (буфер, микрафон т.б) мерекелік шоу жасауға арналған аппарат, туған күнге арналған жабдықтар мен тәтті сый сатып алынды.
Қоғамдық бірлестік еңбек өтілінің аз болғанымен, жаңа құрылғанымен, бірлестік құрылтайшыларының, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалаларды жүзеге асыруда жинақтаған көпжылдық іс-тәжірибесі бар.
7 слайд (текст)Соның арқасында ҚБ биыл маусым айында мемлекеттік тапсырыс бойынша Арқалық қалалық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ-нің жариялаған жалпы соммасы 450 мың тұратын , екі жобасын ұтып алып, жүзеге асырдық.
8 слайд Мұндағы, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»«Рухани қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде өткізілген «Арайлы Арқалығым» атты халық шығармашылық фестивалінің басты мақсаты:
Халық шығармашылық фестивалі арқылы, ұлттық инструменталды жанрды және орындаушылық шеберлікті дамыту. Шараның басымдылығы мәдени-көпшілік жұмыстары арқылы, ауыл тұрғындары арасынан талантты өнер иелерін іздеу.
9 слайд Арқалық қаласы, ауылдар мен ауылдық округының халықтың мәдени-ақпараттық сауаттылығын көтеру. Фестивальға қатысуға 15 шығармашылық ұжым сұраныс білдірді, бірақ күн райының қолайсыздығына байланысты фестивальға іс жүзінде 12 шығармашылық ұжым қатысты.
10 слайд (награждение) Үздік шығармашылық ұжымдар анықталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Фестивалға қаламызға танымал өнер тұлғалары, ҚР мемлекет қайраткерлері, музыка саласында көпжылдық өтілдері мен жетістіктерге қол жеткізген өнер азаматтары төрелік жасады.
11 слайд (газетные вырезки )Шара туралы БАҚ беттерінде: Облыстық «»Қостанай таңы,«Учительская плюс», қалалық «Арқалық хабары», «Торғай» газеттерінде мақалалар жарияланды.
Қалалық «Арқа дидары» арнасынан қазақ және орыс тілдерінде 6 минуттық жаңалықтар сюжеті эфирден көрсетілді.
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық сайтында жарияланды.
12 слайд Мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылған 2 жоба «Мақтанышым - туған өлке» атты туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу бойынша қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылып өткізілді.
Коференция мақсаты: Студент жастар мен жоғарғы сынып оқушыларының ғылымға, ізденуге деген қызығушылығын арттыру және туған жерді, отанды сүйюге, құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.
13 слайд Мақсатты индикаторларға қол жеткізілді. Конференцияға 50 ғылыми жұмыс ұсынылып іріктеуден өткен 26 жұмыс конфернция жұмысы барысында қорғалды және конференция материалдары жинағына үздік деп танылған осы 26 жұмыс енді. Жинақтың шығарылым тиражы 50 дана.
14 слайд Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан үздік жұмыстар №1 мектептен 1 жұмыс, №5 мектептен 1 жұмыс, №3 мектептен 3 жұмыс, медицина колледжінен -1 жұмыс, көпсалалы колледжден 4 жұмыс, АрқМПИ – 3 жұмыс, гимназиядан -2 жұмыс, бастауыш гимназиядан 3 жұмыс, Н.Құлжанова атындағы ТГК – 8 жұмыс қатысты.
15 слайд Конференция жұмысы шеңберінде 3 секция жұмыс жасады.
1 секция Жаратылыстану-математика бағыты бойынша
1. Туған өлке табиғаты мен жер асты қазына байлығы.4 жұмыс
- Оқу орындары мен білім ошақтары – 3жұмыс
- Өлкеміздің заманауи келбеті, жаңа инвестициялықжобалар- 2жұмыс. Тақырыптары бойынша жұмыс жасайды.
2 секция. Қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша
«Туған өлкенің тарихи ескеркіштері мен мәдени ошақтары» тақырыбында жұмыс жасайды. 5 жұмыс
3 секция. «Өлке мақтанышы мен танымал тұлғалары» тақырыбында жұмыс жасайды. 12 жұмыс
Конференция жұмысының қорытынды бөлімінде үздіктер анықталып, марапатталды, жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
16 слайд БАҚ жарияланымдар: Облыстық «Қостанай таңы»,«Учительская плюс», қалалық «Арқалық хабары», «Торғай» газеттерінде мақалалар жіберілді.
Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сайтында жарияланды. Сілтеме: Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық сайтында жарияланды.
17 слайд Сондай ақ, биылғы жылы Республикамыздың 6 обылысын қамтыған Жастар корпусын дамытуға арналған «Жаспрожект» жобасына колледж атынан 4 жоба ұсынылып, 1 жеңімпаз атанды. Нәтижесінде қамқоршысыз, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы балаларынан жасақталған 36 балаға сұлулық салоны шеберлері машығына тегін оқытылып жатыр.
18 слайд Жоба бойынша жұмыс қаңтар айында аяқталады. Жоба шеңберінде оқыту жұмыстарын ұйымдастыратын 3 адамнан құралған топ мүшелері 40 және 60 мың тенге көлеміндегі степендияалып отыр, және қайтарымсыз 1млн тенгеге заманауи талаптарды қамтитын сұлулық салоны жабдықталды.
19 слайд Бұл жобаны біздің колледж студенттері құрамынан жасақталған топ мүшелері жүзеге асырып келеді. Шеберлерді дайындау курсына қатысушылар медицина колледжінен 10 бала, кәсіптіп лицейден 6 бала және өз колледжімізден 20 бала тартылды.
20 слайд ҚБ жанынан құрылған волонтерлер қозғалысы өте жақсы дамыған. Биылғы жылы біздің колледж волонтерлері қаламыздағы оқу орындары студенттеріне өз күштерімен қалалық оқу - жаттығу семинарын ұйымдастырып өткізді. Тәжірибие алмасты, біліктіліктерін арттырды.
21 слайд Волнтерлер жетістігінің бірі облыстық білім басқармасының ұйымдастырған «Үздік волонтер- 2018» байқауында біздің колледж студенті Бас жүлдені жеңіп алды.Мемлекеттік тапсырыс бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда волонтерлік қызметтің көмегі орасан зор.
22 слайд Күні кеше өткізілген облыстық көшбасшылар форумына қатысқан колледж студенті Ембергенова Аружан үздік жетілікке еніп, облыстық колледждердің студенттік белсенді жастар штабы құрамына енді. Нәтижесінде 28 қараша күні, Астана қаласындағы өткізілген Республикалық көшбасшылар слетіне қатсып келді.
Бұл біздің , қоғамдық бірлестік құрылған сәуір айынан бергі, 7 айда қол жеткізген жетістігіміз, алар асуларымыз әле алда деп білеміз!!!
Назарларыңызға рахмет!!!
«Жасампаз»жастар ұйымы ҚБ
төрайымы: Г.К Оразова