Мақсаты: Жазушының өмір жолы арқылы студенттерімізді адамгершілік пен парасаттылыққа баулу,қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу,сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу, көркем сөйлеуге баулу.
Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан[1]. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты. «Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында» БМ-13 тобының студенті Сәлімжан Гүлбақыт, «Сағындым Ғабеңді» атты өлеңін эконом.колл студенті Қалдікерім Ақниет, «Ғабаңа» өлеңін БМ-11 тобының студенті Баженова Динара, Қызқарағай әнінің шығу тарихын оқыған Мед. колл студенті Елеусізова Ақерке, «Қазақ солдаты» романның шығу тарихы жайында БМ-11 тобының студенті Сейтбекова Ақерке, «Ғ.Мүсірепов шығармасындағы аналар тақырыбы» «Ашынған ана» әңгімесіне мағұлматты БМ-13 тобының студенті Абдибекова Гаухар, Аналар жайындағы нақыл сөздерді БМ-11 тобының студенті Мұқан Аяулым, «Қас қырандар шыңдарға келер қонғысы»өлеңін БМ-11 тобының студенті Сайлаубай Аружан, «О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең» атты өлеңін БМ-12 тобының студенті Байсалбай Зарина, «Туған елге соңғы сөзін» БМ-11 тобының студенті Деріпсалы Ақерке барлық өлеңдерін студенттеріміз жоғары деңгейде орындады. Елу жыл жалғанды жалпағынан басып, өзінен басқа өзге де күш бар екенін сезбеген, жеңілген елдің сүйегінен биік мұнаралы минарет, сарайлар салғызған, ажалмен күш теңестіріп,өмірді талқандаған Әмір Темір әйелге басын иеді. Ұлын тауып беру үшін үш жүз салт әскеріне жердің төрт бұрышын аралауға аттансын деп бұйрық береді.
Ғ.Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін білмеген түбін білмейді». Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат – мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге,сауатты жаза білуге үйрету.Кеш соңында абанамент бөлімінің меңгерушісі Абаканова Назира Нұрсұлтанқызы сөз алды.Абанамент бөлімінің қызметкері Айтбаев Еркінғазының орындауында «Қазағыстаным» әнімен аяқталды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/zhatahana-omiri/1132-n-lzhanova-atynda-y-tor-aj-gumanitarly-kolledzh-zhata-khanasyny-1-kurs-t-rbelenushilerimen-birigip-tkizgen-oblysty-nbebab-kitapkhanasynda-tken-m-sirepovke-120-zhyl-toluyna-oraj-t-yry-biik-t-l-a-atty-is-shara.html#sigFreeId34ca859293
Жатақхана тәрбиешісі:Бирмаканова Ж.Х.