Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.
Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне жатақханамызда ең жоғары деңгейде іс шара өтті.Кеш қонақтары Арқалық қалалық мамандандырылған №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері,жатақхана қызметткерлері және тәрбиеленуші студент жігіттеріміз.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады деп кештің сәнін келтірген қыздарымыз бимен, әнмен, қара сөздерді нақышына келтіріп орындаулары ерекше көңіл күй сыйлады. Кеш әнұранмен басталып, жатақхана меңгерушісі Саржанова Эльмира Кенжемұратқызы сөз алды. Келген қонақтардан Арқалық қалалық мамандандырылған №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Мүсілім Жұмағали Қуандықұлы өзінің ыстық ықыласын білдіріп, ерекше алғысын айтты. Жатақхана қызметкері Алматов Нұрхафиз ән жолдап көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Студент жігіттеріміздің атынан Мақсұтбек Қорғанбек, Нағашыбай Жоламан, Жолдыбай Нұрсұлтан, Бейсенбай Амандық жүрек жарды тілектерін арнап, Жоламан мен Амандықтың орындауында ән орындалды. Кеш қонақтарына түрлі ойындар ойнатылып сыйлықтар таратылды. Дастархан мәзірінен дәм татылды. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен қортынды сөзді кеш ұйымдастырушысы, жатақхана тәрбиешісі Бирмаканова Жанар Хамитқызы игі тілегін арнап келген қонақтарға, студент жігіттерімізді құттықтап қыздар ұжымына алғысын білдірді. Қыздар тобының орындауында «Батырлар» әні орындалып аяқталды. Кештің жалғасы көңілді биге ұласты.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/zhatahana-omiri/1136-n-lzhanova-atynda-y-tor-aj-gumanitarly-kolledzh-zhata-khanasynda-tken-t-ysh-elbasy-k-nine-lanymyz-ly-eldi-atty-is-sharasy.html#sigFreeId6ebbd8ce36
Жатақхана тәрбиешісі:Бирмаканова Ж.Х.