Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Арқалық қаласының облыстық №2 әмбебаб ғылыми

кітапханасында  өткен «Сырлы өлеңнің Сұлтаны» атты

С.Мәуленовтың 100 жылдығына арналған іс шара

 

Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Туған өлкесінде орта білім алып, одан кейін Қызылорда педагогикалық институтында филология факультетінде оқыды. 1940 жылы Қызылорда педагогикалық институтының екінші курсында оқып жүрген кезінде Қызыл Армия қатарына шақырылды. Сол жылдың аяғында ол ауруына байланысты әскери қызметтен босатылады.  1942 жылы Сырбай Мәуленов Волхов майданында лейтенант болып, саяси мәселелер жөніндегі командирдің орынбасары болды. Ал 1943 жылы Ленинград қоршауы бұзылған кезде жауынгер Сырбай ауыр жарақат алып, ауруханада емделгеннен кейін әскерден қайтарылды. 

1943-1950 жылдары Мәуленов Қостанай облыстық газетінің редакторының орынбасары  міндетін атқарып, кейін Жазушылар одағының кеңсесінде жұмыс істеді. Онда «Қазақ әдебиеті» республикалық әдеби газетінің бас редакторы болды. Сондай-ақ, «Жұлдыз» республикалық әдеби журналының бас редакторы болып қызмет атқарды. Арқалық қаласындағы обылыстық №2 әмбебап- ғылыми кітапханасының оқу залында абонемент бөлімі талантты ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленовтың 100 жылдығына арналған «Сыры өлеңінің Сұлтаны атты» поэзия кешін өткізді. Іс шарада студенттер мен келген қонақтар ақын  Сырбай Мәуленовтың өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған бай мұрасы туралы, қазақәдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткені үшін алған марапаттары жөнінде мәліметтерді ала отырып, ақынның кейбір өлендеріне жазылған әндерін және жазушыны көзі көрген аға буындарымыздың жылы лебіздерін бейнеролик арқылы тамашалады. Сырбай Мәуленовтың жырлары-әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Аталған іс- шараға Бирмаканов Жанар Хамитқызының жетекшілігімен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық коледжінің студенттері Сәлімжан Гүлбақыт, Сайлаубай Аружан, Төлеміс Нұршат, Болат Ақерке, Сапабекова Нұрай, Мұқан Аяулым, Дерібсалы Ақерке, Жетпісбай Адина, Байсалбай Зарина, Фазыл Аружан қатысты.  Кеш соңында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы бастауыш мектеп гимназиясының 2 «а» сынып оқушысы Жақан Нұрислам «Батырлар ұраны» атты ән шырқады. Поэзия кешіне қатысқан қатысушыларға мараппаттар мен алғыс хаттар берілді. Іс шара оқырмандарымызды рухани байытқан кеш ретінде есте қалды.

 

Жатақхана тәрбиешісі:Бирмаканова Ж.Х.