Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жатақханасында өткен «Қайталанбас бұл уақыт» атты
бітіруші түлектердің алтын ұя жатақханаларынан
қоштасу кеші
Мақсаты: Алтын ұя жатақханаларынан ұшқалы отырған түлектерді жаңа өмірге басқалы отырған қадамдарымен құттықтап, ақ жол тілеу.
Кештің алғашқы тілек тізгінін жатақхана меңгерушісі Саржанова Э.К. алды. Болашақ мамандық иелеріне ақ жол тілеп,жылдың қортындысы ретінде бітіруші түлектерді Алғыс хаттармен, Мадақтамалармен марапаттады. Атап айтсақ Музыка бөлімінің түлектері: Бейсенбай Амандық, Сейтбекұлы Рахат, Жолдыбай Нұрсұлтан, Мұқатов Мерей, МД-42 тобының түлегі Сейтқалиева Айымгүл, БМ-31 тобының түлегі Нұрсұлтан Әсем, АрПИ түлектері Нағашыбай Жоламан, Әбікен Жансая, Өмірзақ Айда ерекше көзге түсіп, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысты. Студенттер барлығымыз мұғалімдік мамандықты меңгеріп әр мектепке мұғалім болып бару ойымызда бар. Мұғалім-өзіміз білетіндей кез келген тосын жәйттан шыға білуі керек деп алтын ұядан бірнеше түлек ұшырып отырған тәрбиеші Бирмаканова Ж.Х. өзінің тілегін білдірді. Түлектердің дайындаған өнерлері тамашаланды. Алтын ұя жатақханаларына сыйлықтарын табыстап қыймастық сезімдерін білдірді. Болашақ мамандақ иелеріне алдағы өмірлері тек жарқын болсын деген тілек білдіргім келеді. Кеш соңы биге ұласты.
Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/zhatahana-omiri/1149-ajtalanbas-b-l-ua-yt-2.html#sigFreeIdc56fd41b00