Мақсат: Балалардың туған жеріне халқына сүйіспеншілік сезімін арттыру; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, нағыз Отанның патриоты болуға тәрбиелеу. Салтанатты жиынымыз ән ұранмен ашылды. Мемлекеттік рәміздер туралы презентация көру. Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.Мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтар қойылып, тәрбиеленуші студенттердің қаншалықты білетіндері тексерілді. Ат салысқан балаларға шағын сыйлықтар берілді. Біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаық. Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиеті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Сейтбекұлы Рахат «Жаса, Қазақстан» әнін орындады. Жиын соңында тәрбиеленуші студенттеріміз «Ең таза» 3-қабат, «Ең көрікті» 4-қабат «Ең ұйымшыл» 2-қабат, «Ең сәнді» 5-6 қабат, атты номинациялармен, жекеленген таза, ұқыпты бөлмелер марапатталды.
Жатақхана тәрбиешілері